Ақтау қ. химия-биология бағытындағы мектебі

2019 жылдың маусым айының 10 – 20 аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында экономист (қазынашы) бос лауазымына конкурс жариялайды.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1.     Міндетті:

 

Білімі:

- жоғары (қаржы немесе экономикалық)

Жұмыс өтілі:

- 1 жылдан кем емес

Біліктілікке қойылатын жалпы талаптар:

1.     Міндетті:

1)    Мемлекеттік тілді, орыс тілдерін білуі қажет;

2)    Excel (тәжірибелі пайдаланушы),Word

2.     Мүмкіндігінше:

•         Қосымша математикалық, бухгалтерлік білім, оқуды үздік бітірген ЖОО түлегі;

•         Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл, ДББҰ-да жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік қызметіндегі тәжірибе (алдыңғы тәжірибесі білім беру саласында болуы);

•         1С Кәсіпорын, Power Point, электронды құжат айналымы;

•         Мамандық бойынша біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың және басқа да құжаттардың болуы.

3.     Білуге міндетті:

·        Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Салық Кодекстерін; «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

·        ДББҰ Даму стратегиясын;

·        Тиiстi қаржы жылына және алдағы 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) принциптерiн; және басқа нормативтік құжаттар.

 

 

 

 

 

4.     Лауазымдық міндеттер:

·        Филиалдың/еншілес ұйымның экономикалық жоспарлау жұмыстарын жүргізу (алдағы үш жылдық кезеңге арналған сұранымдарды жоспарлауды, нақтылауды және дайындауды іске асыру, тиiстi қаржылық жылына арналған бюджетті қалыптастыру және түзету кезінде филиалдың/еншілес ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстарды жинақтау;

·        Филиалдың/еншілес ұйымның бюджетін алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасына сәйкес жоспарлау және шығыстар бойынша ағымдағы оқу жылының бюджетін айқындау;

·        Мектеп бюджетінің кірісін есептеу;

·        Бюджеттің іске асырылуы жайлы талдау жасау, есептерді жедел жасау;

·   Сметаларды құрастыру;

·   Келісімшарттарды жасауға қажетті материалдарды дайындауға қатысу;

·   Шығысты өтеу, филиалды/еншілес ұйымды қаржыландыру туралы өтінішті жазу және жіберу.

 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені мына электрондық почтаға жолдау қажет: yesbergenova_g@akt.nis.edu.kz Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан алуға болады: Ақтау қаласы, 33 шағын аудан, 16 ғимарат.

+7 (7292) 70-10-65

 

 


Қаралым: 392
Жарияланған: 18 Сәуір