Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

2019 жылдың сәуір айының 17 – 25 аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында экономист (қазынашы) бос лауазымына конкурс жариялайды.


Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

1.     Міндетті:  

Білімі: 

- жоғары (қаржы немесе экономикалық) 

Жұмыс өтілі: 

- 1 жылдан кем емес 

Біліктілікке қойылатын жалпы талаптар: 

1.     Міндетті: 

1)    Мемлекеттік тілді, орыс тілдерін білуі қажет; 

2)    Excel (тәжірибелі пайдаланушы),Word 

2.     Мүмкіндігінше: 

•         Қосымша математикалық, бухгалтерлік білім, оқуды үздік бітірген ЖОО түлегі; 

•         Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл, ДББҰ-да жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік қызметіндегі тәжірибе (алдыңғы тәжірибесі білім беру саласында болуы); 

•         1С Кәсіпорын, Power Point, электронды құжат айналымы; 

•         Мамандық бойынша біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың және басқа да құжаттардың болуы. 

3.     Білуге міндетті: 

·        Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Салық Кодекстерін; «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; 

·        ДББҰ Даму стратегиясын; 

·        Тиiстi қаржы жылына және алдағы 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) принциптерiн; және басқа нормативтік құжаттар. 

4.     Лауазымдық міндеттер: 

·        Филиалдың/еншілес ұйымның экономикалық жоспарлау жұмыстарын жүргізу (алдағы үш жылдық кезеңге арналған сұранымдарды жоспарлауды, нақтылауды және дайындауды іске асыру, тиiстi қаржылық жылына арналған бюджетті қалыптастыру және түзету кезінде филиалдың/еншілес ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстарды жинақтау; 

·        Филиалдың/еншілес ұйымның бюджетін алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасына сәйкес жоспарлау және шығыстар бойынша ағымдағы оқу жылының бюджетін айқындау; 

·        Мектеп бюджетінің кірісін есептеу; 

·        Бюджеттің іске асырылуы жайлы талдау жасау, есептерді жедел жасау; 

·   Сметаларды құрастыру; 

·   Келісімшарттарды жасауға қажетті материалдарды дайындауға қатысу; 

·   Шығысты өтеу, филиалды/еншілес ұйымды қаржыландыру туралы өтінішті жазу және жіберу. 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені мына электрондық почтаға жолдау қажет: apenova.ainagul@nisa.edu.kz Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан алуға болады: Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 19-үй (31-көше, 35-үй). 8 (7172) 55-80-33 (2711)

 


Қаралым: 201
Жарияланған: 18 Сәуір